Осы қыста, екі жарым жыл өткен соң, Антарктидаға экспедиция саяхатшылар үшін қолжетімді болды, - деп хабарлайды Travelpulse.com.
Туристерге ұсынылатын нұсқалардың бірі - Antarctica Classic бағыты бойынша 11 күндік экспедиция. Мұнда саяхатшылар Антарктиданың қоршаған ортасына толықтай сүңгіп, барлығын өз көзімен көре алады. Туристер Оңтүстік Шетланд аралдарын және Антарктикалық түбегін, пингвиндер мен киттерді және басқада көптеген қызықтарды тамашалай алады. Құны - 2023 жылдың 13 наурызында ұшып шыққан жағдайда әр адамға 7199 доллар (3 382 870 теңге).
Ұзағырақ бағыттардың бірі - бұл Antarctic Classic In-Depth, 13 күндік тур барысында жоғарыдағы кереметтерді көруге болады және соған тағы екі күн қосылады. Мұнда бонус ретінде саяхатшылар теңіз қабыланын (итбалықтың жыртқыш түрі) көреді, Дрейк бұғазынан өтетін кемелерді бақылай алады. Аттану 2022 жылдың 11 қарашасына жоспарланған, бағасы 11 пайыз жеңілдікпен - әр адам басына 6289 доллар (2 955 253 теңге).
Саяхатшылар 2022 жылдың 29 қыркүйегіне дейін 2022 жылдың 22 қазанынан 2023 жылдың 14 наурызына дейін брондау кезінде 20 пайызға дейін үнемдей алады. 2023-24 жылдардағы қысқы маусымға антарктикалық экспедицияларды брондау үшін де қолжетімді.