Антальяда алып жүзбеқанат демалушылардың зәресін ұшырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан кадр видеодан кадр

Жағаға жылдам жүзіп келе жатқан алып балықтың арқа қанаты Түркиядағы жағажайға келушілердің зәресін алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі жергілікті Mynet газетіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жағаға жылдам жүзіп келе жатқан алып балықтың арқа қанаты Түркиядағы жағажайға келушілердің зәресін алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі жергілікті Mynet газетіне сілтеме жасап.

Оқиға танымал Кемер курорты орналасқан Жерорта теңізінің суларында болған. Демалушылар адамдардың шомылатын аумақта алып балықтың арқа қанатын байқап қалған.

Оны акула екен деп зәре-құты қалмаған адамдар жағаға жүгіріп шығады, ал кейбірі балықты таспен ата бастайды. Демалушылардың шошынуы Мысырда болған қайғылы жағдайларға байланысты болып отыр. Еске салайық, Хургадада акула 23 жастағы жігітті адамдардың көзінше жеп қойды.

Жағажайды болған адамдардың бірі елдің дүрлігіп қашқанын видеоға түсіріп алды.

Кейінірек анықталғандай акула деп есептегені адамға зияны жоқ марлин тектес балық болып шықты. Бұл балықтың арқа қанаты өте биік болғандықтан акуланікіне ұқсас келеді екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная