Анталияда туристер отырған автобус аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анталия, Түркия. Фото: pixabay.com Анталия, Түркия. Фото: pixabay.com

Түркияның Анталия туристік провинциясында туристер отырған автобус аударылып кетті. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, апаттан жеті адам зардап шеккен. Бұл туралы Tourprom сайты жазады.


Иконка комментария блок соц сети

Түркияның Анталия туристік провинциясында туристер отырған автобус аударылып кетті. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, апаттан жеті адам зардап шеккен. Бұл туралы Tourprom сайты жазады.

Жол-көлік оқиғасы Аксекидің Гериш ауданындағы тасжолда болған. Таңертеңгі сағат 10.30 шамасында Анталиядан туристерді Каппадокияға экскурсияға алып кеткен микроавтобус аударылып, жол қоршауына құлайды. Апат болған жерге жандармерия, санитарлық және өрт сөндіру бөлімдері бірден жіберілді.

Апаттан жеті турист зардап шекті. Олар жақын маңдағы ауруханаларға жедел жәрдеммен жеткізілді. Барлық турист америкалық болған деп хабарланды.

Оқиғаның себептері зерттеліп жатыр. Әзірге ресми нұсқасы – жүргізуші жаңбыр салдарынан тайғақ жолда автобусты басқара алмай қалды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная