Анталияда қонақүйде жарық сөнді: туристер шошып, бүлік шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Түркияның Анталия курорттық провинциясындағы 4 жұлдызды қонақүйде қарызға байланысты электр қуаты өшірілді. Кейбірі қонақ бөлмесінен шықты, ал басқалары қонақүй иесіне ақшаны қайтар деген талаппен бүлік шығарды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркияның Анталия курорттық провинциясындағы 4 жұлдызды қонақүйде қарызға байланысты электр қуаты өшірілді. Кейбірі қонақ бөлмесінен шықты, ал басқалары қонақүй иесіне ақшаны қайтар деген талаппен бүлік шығарды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Sozcu мәліметінше, 2 қыркүйекте сағат 17:00-де Манавгата туристік орталығындағы 4 жұлдызды қонақүйде жарық өшірілген. Қонақүй электр энергиясы үшін 300 мың лира қарыз болған. Қонақүйге жандарм бригадалары жіберілгені нақтыланды.

Қонақүйде тұратын 150-ге жуық жергілікті және шетелдік демалушылар заттарын жинап, кетуге мәжбүр болды. Қызметкерлердің бір бөлігі жұмысын тастап кетті, қалған қызметкерлер қонақүй иесімен байланысуға тырысты. Туристер қонақүй иесінен ақшасын қайтарып беруді талап етіп, бүлік шығарды.

8 сағаттан кейін Манавгат префектінің бастамасымен түнгі сағат 01:00-де қонақүйдегі электр қуаты қалпына келтірілді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная