Анталияда қонақүй бөлмесінде туристің мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоколлаж: Тourprom Фотоколлаж: Тourprom

Шетелдік турист Аланьядағы (Түркия, Анталия курорт аймағы) қонақүй бөлмесінің ваннасында қайтыс болды. Өлімнің себебін полиция тергеп жатыр. Оқиға 21 қыркүйекте болған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шетелдік турист Аланьядағы (Түркия, Анталия курорт аймағы) қонақүй бөлмесінің ваннасында қайтыс болды. Өлімнің себебін полиция тергеп жатыр. Оқиға 21 қыркүйекте болған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Turizmguncel мәліметенше, түрік жандармериясы марқұмның кім екенін тез анықтады. Ол Беларустен Түркияға демалуға келген 71 жастағы турист болды.

Турист бөлмесінен ұзақ уақыт шықпаған соң қонақүй қызметкерлері бөлмеге кіруге мәжбүр болған.

"Әріптестеріміздің бірі жуынатын бөлмеде жатқан адамды тапты", - деді курорттық қонақүй қызметкері.

Оқиға орнына келген дәрігерлер туристің қайтыс болғанын айтты.

Қайтыс болғаннан бері қанша уақыт өткені белгісіз, мұндай дерек хабарланған жоқ. Өлімнің себебін анықтау үшін мәйіт Анталияға медициналық сараптамаға жіберілді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная