Анталияда қар құрсауында қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анталия курорттық провинциясында қар жауды. Бұл туралы түрік бұқаралық ақпарат құралдары жазады. Алайда қалың қар күн ашық курорттық жағалауда емес, провинцияның таулы аудандарында, атап айтқанда 1825 метр биіктіктегі провинцияның ең биік нүктелерінің бірі Алакабель асуында жауған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром басылымына сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Мұнда таулар көп және солар арқылы өтетін тасжол қарға толды. Қар жамылғысының қалыңдығы 1,5 метрден асты.

Қауіпсіздік мақсатында жүк көліктері мен автобустардың қозғалысы шектелді, жеке көлікпен саяхаттамау ұсынылды. Тасжолдағы қарды тазартуға сағат 21.00-ден бастап ауыр техника жұмылдырылды. Аксеки мен Алакабельдегі жол жұмысшыларының командалары қозғалысты тоқтатпау үшін түні бойы жолды тазарту және оны тайғаққа қарсы құралдармен өңдеу жұмыстарын жүргізді. Жиналған қар арнайы жол техникасының көмегімен тазартылды.

Жағалауға келетін болсақ, демалыс күндері ауа райы нашарлай бастайды, бұлтты болады, бірақ +14 градус жылы температура сақталады. Ауа райы болжамына сәйкес, келесі аптада Анталияда тағы жауын-шашын басталып, жаңа жылға дейін жалғасады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная