Мұны демалушылар мен жергілікті туристік агенттер жариялаған суреттер растайды. Түрік билігінің ресми деректері де бұған дәлел, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.
29-30 шілдеде Анталия маңында демалып жатқан туристер арасында дүрбелең болды. Әлеуметтік желілер таулардың үстінде көтерілген түтіннің суреттеріне толды. Көптеген адам шығынға қарамастан, демалыстың мерзімінен бұрын аяқталуы туралы ойлады.
Мұндай алаңдаушылық ұзаққа созылмады. 3 тамызда таңертең өрт сөндірушілер Түркияның оңтүстігінде және батысындағы өртті азайтқаны белгілі болды.
Жақында ғана Анталияда әлі де жеңіл тұман болып тұр еді, ал сейсенбіде туристер ашық аспан мен ақ бұлттарды көрді.
Елдің оңтүстігінде күн әлі де ыстық, бұл өртті сөндіруді қиындатады. Соған қарамастан, шілде айының соңындағы жағдаймен салыстырғанда өрт алаңы кем дегенде үш есе азайды, деп хабарлайды түрік билігі.
Бодрум мен Мармарис аймағындағы екінші қатты өрт те тоқтатылған және түгел дерлік сөндірілген.
Алайда Аланияның солтүстігінде орман өртене бастады, бірақ ол жағалаудан өте алыс орналасқан.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!