Анкарадан Ыстамбұлға пойыз арқылы қатынау бес есеге дейін жылдам болады

Түркия үкіметі Анкара мен Ыстамбұл арасында жүрдек пойыздар жолын салу жоспарын әзірлеп жатыр, соның арқасында екі қаланың арасында қатынау бес сағаттан 80 минутқа дейін қысқаруы мүмкін, - деп хабарлайды Star газеті.

"20 жыл бойы басқарып келе жатқан үкімет талай гиганттық жобаларды жүзеге асырды, енді міне Анкара мен Ыстамбұл арасын жақындатпақ. Күніне 240 мың жолаушыны, ал жылына 88 миллион адамды тасымалдауға мүмкіндік береді. Осылайша, автомобиль тасымалына түскен жүктемені азайтады", - делінген басылым мақаласында.

Көлік және инфрақұрылым министрлігі техникалық-экономикалық тұсынан дәлелдер қарастырып жатыр. Жоба іске асқан жағдайда "Түркияны басқа көлік тасымалы лигасына ауыстырады" екен.

"Зерттеу шаралары нәтижесінде маршрут, құрылыс мүмкіндіктері және фундамент құю сынды жұмыстарды қалай және қашан жүргізу шешіледі. Аса қатты жылдамдықпен жүретін пойыз (HSR) Анкара мен Ыстамбұл арасында сағатына 250 шақырым жүреді. Ал жаңа жолды салу арқылы пойыз жылдамдығы 350 шақырымға дейін жететін болады. Ұшақпен саяхаттауға қарағанда жүрдек пойызбен қатынау азаматтар үшін тиімді болады", - делінген мақалада.

Жоба аясында, алдын ала болжам бойынша 70 шақты тоннель және 40 виадук (көпір түрі) болады.