Германия Еуроодақ елдерінен коронавирус таралуын қысқарту үшін қаңтардың басына дейін тау шаңғы курорттарын жабуды талап етті. Бұл туралы федералды канцлер Ангела Меркель айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы БАҚ-қа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта жалпыеуропалық шешім қабылдау үшін күш салынып жатыр екен. Италия мен Франция қазірдің өзінде қолдау білдірген. Франция көшбасшысы курорттардың кем дегенде қаңтарға дейін істемейтінін мәлімдеді, ал Италия болса келісіп қана қоймай, жалпыеуропалық шектеулер идеясын мақұлдаған.
Өз кезегінде Австрия осындай шектеулердің салдарына алаңдаушлықы білдірген. Австрияның қаржы министрі Гернот Блюмельдің айтуынша, Еуроодақ курорттарды жабатын болса, "бұл үшін өтемақы төлеуге мәжбүр болады", ал өтемақы мөлшері миллиардтаған еуро болмақ.
Одаққа кірмейтін Швейцария басқа да Альпі елдерімен салыстырғанда өз курорттарын көптен бері ашып отыр, сол себепті қысқы демалыстарда шаңғымен сырғанаушылар осы елде демалуына болады.
Ресейлік курорттар қысқы маусымға дайындалып жатыр және Tourdom.ru мәліметінше, мерекелерді тауда өткізгісі келетіндер саны артқан. Қазақстандық кейбір тау шаңғы курорттары санитарлық нормаларды сақтай отырып әдеттегі режимде жұмыс істеп жатыр.