Амстердам туристердің жеңіл есірткілерді қолдануына тыйым салмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Амстердам өзге елден келетін туристерге жеңіл есірткі түрін қолдануға тыйым салуды ұйғарды. Бұл туралы, 8 қаңтарда Нидерланды астанасының мэрі Фемке Халсема айтты, - деп хабарлайды ТАСС Нидерланд телерадио хабарларын тарату корпорациясына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Амстердам өзге елден келетін туристерге жеңіл есірткі түрін қолдануға тыйым салуды ұйғарды. Бұл туралы, 8 қаңтарда Нидерланды астанасының мэрі Фемке Халсема айтты, - деп хабарлайды ТАСС Нидерланд телерадио хабарларын тарату корпорациясына сілтеме жасап. 

"Әрине, бұл жоспар ертең іске қосыла салмайды, менің ойымша бұған бір жылдай уақыт керек", - дейді қала мэрі. Осы шешімге байланысты, тек осы елдің азаматтары ғана есірткінің жеңіл түрін сатып алу мүмкіндігі болады.

"Біз көптеген адамның Амстердамға арнайы кофеханаларға бару үшін келетінін байқадық", - деді Халсема. Оның айтуынша, кейбір зерттеулердің нәтижесі бойынша, көптеген шетелдік туристер жеңіл есірткі сатып алуға рұқсат етілген мекемелерге бара алмаса, қалаға барудан бас тартатынын атап өтті.

Қала басшысы бұл мәселені кофеханалардың иелерімен әлі талқылаған жоқ және алдымен оны қалалық кеңес мүшелерінің қарауына шығарғысы келеді. "Бізге алкоголь мен есірткіні қолдануға келетін туристер емес, мәдениет мекемелерінің әсемдігі мен байлығына қызығушылық танытқан адамдардың келгенін қалаймыз", - деп қорытындылады ол.

Нидерланды билігі жеңіл есірткі болып саналатын марихуананы тұтынуға төзімділік саясатын жүргізіп отыр, бірақ соңғы жылдары олар "есірткі үшін келетін туристер" ағынын азайтуға күш сала бастады. 2012 жылы кофешоптарды тек Нидерландтың ересек азаматтарына пайдалануға рұқсат беретін заң қабылданды, бірақ оны жүзеге асыру жергілікті билікке тапсырылды және жергілікті деңгейде ол қарсылыққа тап болды.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная