Америкалық бортсерікке шабуыл жасап, ұшақ бағытын өзгертуге мәжбүрледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© shutterstock © shutterstock

АҚШ-та American Airlines әуекомпаниясының бірінші класында ұшқан жолаушы бортсерікке шабуыл жасады. Лайнер мүшесі жолаушыға маска кию туралы өтініш білдірген. Бұл туралы Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та American Airlines әуекомпаниясының бірінші класында ұшқан жолаушы бортсерікке шабуыл жасады. Лайнер мүшесі жолаушыға маска кию туралы өтініш білдірген. Бұл туралы Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Оқиға Нью-Йорктен Калифорния ұшқан 976 рейсінде болды. Басылымның мәліметінше, ұшақ жолаушыларының бірі бетперде тағудан бас тартқаны үшін бортсерікпен жанжалдасқан. Куәгерлердің айтуынша, дау кезінде америкалық бортсерікті екі рет жұдырығымен ұрған.

Экипаж мүшелері жанжалды тоқтатты: басқа жолаушылардың көмегімен олар оны орындыққа электр таспамен байлады. Нәтижесінде ер адамның мінез-құлқы ұшқыштарды қауіпсіздік мақсатында бағытты өзгертуге және Денвер әуежайына қонуға мәжбүр етті.

Америкалық келгеннен кейін полиция оны ұстады, зардап шеккен бортсерік ауруханаға жеткізілді. American Airlines өкілдері жолаушыны әуекомпанияның қара тізіміне енгізгенін хабарлады.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная