Америкалық әуекомпанияның ұшқышы өз командиріне қарумен шабуылдаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/StockSnap © pixabay.com/StockSnap

Командирімен жанжалдасқан ұшқыш қарумен шабуылдады. Оқиға сонау 2022 жылы тамызда әуекомпанияның рейстерінің бірінде болған, алайда келеңсіз жәйт туралы енді белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі aviationsourcenews.com порталына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Командирімен жанжалдасқан ұшқыш қарумен шабуылдады. Оқиға сонау 2022 жылы тамызда әуекомпанияның рейстерінің бірінде болған, алайда келеңсіз жәйт туралы енді белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі aviationsourcenews.com порталына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, штаттан тыс жағдай 2022 жылы жазда рейс кезінде болған. Алайда Джонатан Даннға тек 2023 жылы қазанда "экипаж мүшесінің қызметіне кедергі келтіру" бойынша айып тағылған. Бас инспектордың айтуынша Данн ұшақтың командирімен жанжалдасқан.

Оқиға былай болған: рейс кезінде бір жолаушының денсаулығы нашарлаған, ұшақ командирі кері қайту шешім қабылдайын дегенде, Данн капитанына кері қайтатын болса, бірнеше рет оқ ататынын айтқан.

Қазіргі уақытта бас инспектор ФТБ-мен және АҚШ-тың федералды азаматтық авиация басқармасымен бірге осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр.

Delta Air Lines әуекомпаниясының басшылығы осы жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты, алайда Данн жұмыстан шығарылғанын мәлімдеген.

БАҚ мәліметінше, Данның кінәсі расталса, ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот отырысы 16 қарашаға белгіленген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная