Алып ұшақтың шассиі жарылды: 18 адам зардап шекті

Cathay Pacific әуекомпаниясының жолаушылар лайнері апатты жағдайда Гонконгке қонды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі RTHK телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға Гонконгтен Лос-Анджелеске бағыт алған ұшақ шассиінің қызып кетіп, артынша жарылуына байланысты болған. Экипаж ұшып шыққан әуежайына қайта қонуды ұйғарған.

Оқиға салдарынан 18 адам зардап шеккен, оның бесеуі ер адам және 13-і әйел. Борттағы қалған 275 адам зардап шеккен жоқ.

Оқиға орнына 10 жедел жәрдем каретасы барған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!