Жер-жаһан 15 тамыз 2022 | 12:05

Альпинистер Эквадордағы жанартауға шыққан кезде 60 метрлік биіктіктен құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Эквадордағы Кариуайрасо жанартауына көтерілу кезінде 15 альпинист тобы 20 қабатты үйдің биіктігінен құлады. Бұл туралы Expreso басылымы хабарлады.


Эквадордағы Кариуайрасо жанартауына көтерілу кезінде 15 альпинист тобы 20 қабатты үйдің биіктігінен құлады. Бұл туралы Expreso басылымы хабарлады.

Олардың үшеуі қайтыс болды, тағы 12 адам жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендер Риобамба және Амбато қалаларының медициналық мекемелеріне жіберілді. Қайтыс болғандардың арасында 47 жастағы бір әйел және 45 және 50 жастағы екі ер адам бар.

Альпинистер шыңнан 50 метр қашықтықта болған кезде 60 метр биіктіктен құлады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!