Альпинист аюмен төбелесіп, жекпе-жекті видеоға түсірді

Жапониядан келген альпинист Футаго тауына көтерілген кезде оған қоңыр аю шабуыл жасайды. Жекпе-жектің видеосы желіде тез танымал болды. Видеоны "Двач" Telegram арнасы жариялады.

Шабуылды ер адамның басына бекітілген экшн-камера түсірген. Кадрда альпинист қорыққаннан қатты айқайлайды. Жануар сәл төменірек жиекке құлап, сол жерден туриске тағы шабуыл жасайды, бірақ роликтің кейіпкері аяғы және жұдырығымен күресіп, аңға қарсы тұрады.

Біраз уақыттан кейін ер адам құтылып, күрсінген дауысымен жоғарыға өрмелейді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!