Алматыда Францияның жалған құжаттарын ұсынған шетелдік азаматтар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ҰҚК баспасөз қызметінен Сурет ҰҚК баспасөз қызметінен

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан аумағын заңсыз қөші-қон үшін маршрут ретінде пайдаланудың кезекті әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан аумағын заңсыз қөші-қон үшін маршрут ретінде пайдаланудың кезекті әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 1 наурызда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Франция Республикасының жалған құжаттарын ұсынған 2 шетелдік азамат ұсталды.

"Арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың жарамсыздығы расталды. Жалған төлқұжаттар алынды, шетелдік азаматтар депортацияланды", - делінген ҰҚК хабарламасында.

2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды пайдаланудың 38 фактісінің жолын кесті.

ҰҚК Шекара қызметі жалған құжаттарды пайдалана отырып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін хабарлайды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная