Алматы облысы Қытаймен визасыз режимге дайындалып жатыр

Қазақстан Қытайдан келетін қонақтарды күтуге дайындалып жатыр. ҚХР-мен ресми визасыз режим қарсаңында Алматы облыстық туризм басқармасы қытайлық WeChat желісінде, TikTok арнайы алаңында және қытайлық әуекомпаниялар борттарында ауқымды маркетинг кампаниясын жүзеге асырды. Жаңа мүмкіндіктер жайлы мәліметтер орындықтардың антимаккасарларында (ұшақтағы орындықтардың бас қоятын жердегі арнайы майлықтар) пайда болды.

Осылайша, Қазақстан мен ҚХР арасындағы визасыз режим туралы Чэнду Шуанлю халықаралық әуежайында білуге болады. Ол Чэнду қаласынан шамамен 16 шақырым жерде оңтүстік-батыс бөлігінде, Шуанлю ауданының солтүстігінде орналасқан. Бұл Батыс Қытайдағы ірі әуеторабы және Қытайдың Сычуань провинциясының астанасы Чэндуға қызмет көрсететін екі халықаралық әуежайдың бірі, онда негізінен Қытайдың ішкі рейстері орындалады.

Сонымен қатар, Шуанлю әуежайы Air China әуекомпаниясының негізгі тораптық екі әуекомпаниялардың бірі. Сондай-ақ бұл негізгі хаб және Sichuan Airlines және Chengdu Airlines штаб-пәтері, ал China Eastern Airlines, China Southern Airlines, Shenzhen Airlines, Lucky Air және Tibet Airlines әуекомпанияларының да базасы бар. Статистикаға сәйкес, Шуанлю әуежайы 2020 жылы әлемде ең көп рейс орындаған үшінші, ал Қытайда екінші орында болған әуежай екен.

Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Теменов Айбардың айтуынша, екінші әуежай, жарнама акцияларға қамтылған - бұл Үрімшідегі Дивопу халықаралық әуежайы. Үрімші орталығынан солтүстік батысқа қарай 16 шақырым жерде, Синьши ауданының Дивопу ауылында орналасқан бұл әуежай Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының астанасы Үрімші халқына қызмет етеді. Дивопу - China Southern Airlines әуекомпаниясының үшін негізгі хаб және Hainan Airlines әуекомпаниясы үшін маңызды әуеайлағы. 2018 жылы әуежай 23 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен, соның нәтижесінде Қытайдағы жүктілігі бойынша 19-орынды иеленген.

Қытайдың әуетасымалдау нарығында басты ойыншылардың бірі China Southern Airlines екенін айта кетейік. Әуекомпания логотипінде ұшақтың артқы бөлігінде тік қанаты көкке боялған және капока гүлі безендірілген, ол негізінен Гуанчжоу қаласының символы екенін де айта кету керек. Компания ұраны - "Арманыңа қарай ұш". Қытайдың ірі әуекомпаниясының Гуандун провинциясының Гуанчжолу қаласындағы Байюнь ауданында штаб-пәтері орналасқан. ҚХР-мен визасыз режим туралы жаңа мүмкіндіктер жарнамасы China Southern Airlines әуекомпаниясының бес бортында жүріп жатыр.

Әуекомпания CAAC Airlines қайта құрылымдаудан кейін 1988 жылы 1 шілдеде пайда болды, ол өз брендінің астына бірнеше ішкі рейстерді орындайтын әуекомпанияларды біріктірді және Air China және China Eastern Airlines әуекомпанияларымен бірге қытайлық "үлкен үштікке" енді. Бүгінде China Southern Airlines - тасымалданған жолаушылар саны бойынша әлемдегі алтыншы ірі авиакомпания және флот мөлшері, кірісі және тасымалданған жолаушылар саны бойынша Азиядағы ең ірі әуекомпания. Гуанчжоудағы Байюнь халықаралық әуежайында және Бейжіңдегі Дасин халықаралық әуежайында негізгі хабтары бар. Әуетасымалдаушы күн сайын 200 бағыт бойынша 2000-нан аса рейс орындайды. 2019 жылы 1 қаңтарға дейін жиі ұшатын жолаушылар бағдарламасы бойынша SkyTeam альянсының құрамында болды, кейін сол жылы наурызда компания әлемдегі көшбасшы - American Airlines әуекомпаниясымен серіктес болды.

WeChat - Қытайда танымал жылдам хат алмасу, әлеуметттік желі және мобильді төлемдер атқарылатын қосымша. Оны 2011 жылы Tencent компаниясы ойлап тауып, шығарған. 2018 жылы миллиард қолданушы тіркелгеннен кейін, ол әдемдегі ірі автономды мобильді қосымша болды. WeChat өзінің жергілікті лақап атына лайық болды: функциялардың кең спектріне байланысты, оның ішінде видеоконференциялар, видеоойындар, мобильді төлем, мекен-жаймен бөлісу және де басқа қызметтері үшін Қытайда оны "барлығы үшін арналған қосымша", сондай-ақ "суперқосымша" деп атайды. ҚХР мен Қазақстан арасында визасыз режим туралы ақпарат WeChat қосымшасында да жарияланды.

Жақсы жаңалықпен барынша бөлісу үшін Қазақстан TikTok желісін қолданды - бейжіңдік ByteDance компаниясы құрастырған қысқа видеоларды жасау әрі тамашалау сервисі. Қытайда пайда болған әлеуметтік желі басқа да елдердің Интернет қолданушыларын жаулап алды. TikTok желісінің халықаралық нұсқасының релизі 2018 жылы жарияланды. TikTok өкілдігі Лос-Анджелес, Нью-Йорк, Лондон, Париж, Мәскеу, Берлин, Дубай, Мумбай, Джакарта, Сеул және Токио қалаларында бар. 2018 жылы қосымшаға 150 елден бір миллиардтан аса қолданушы тіркелген.

ҚХР-да қосымша "Доуинь" деген атпен танылған. Негізінде TikTok пен "Доуинь" - бір сервис, алайда Қытайдағы цензура шектеулеріне байланысты бөлек серверлерде жұмыс істейді. Қытайда оның танымалдылығы нормадан асып түскен, қолданушылардың 60 пайыз 25-44 жас аралығында, ал басқа елдерде 24-тен асқандар үлесі тек 43 пайыз. 2021 жылы қыркүйекте TikTok желісінің айсайынғы аудиториясы 1 миллиард адамнан асқан. Қытайлық аудитория үшін жарнама кампаниясы мақсатында TikTok пен WeChat қосымшалары арқылы 2 миллион көрсетілім жарияланған.


Материалды Алматы облыстық Visit Alatau туристік ақпараттық орталығы ұсынды