Көшкісі келетін қазақстандықтар арасында қай қалалар жиі таңдалады? Бұл сұраққа Ұлттық статистика бюросының мамандары жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Алты айлық мәліметтерді сараптау нәтижесінде Қазақстан ішінде көшкендер саны 5,8 пайызға өскен.
Өңіраралық көші-қон бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы еліміздің үш өңірінде, қалаларда қалыптасты:
Астана - 16 044 адам;
Алматы - 15 611 адам;
Шымкент - 1 049 адам.
Елімізге көшіп келгендер саны қаңтар мен маусым аралығында 13 652 адамға жеткен. Елден кеткендер саны - 6 996. Көші-қон сальдосы - 6 656 адам.
2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87,3 пайызға, кеткендер саны 56,7 пайызға азайды.
Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 89,1 пайызды, бұл елдерге кеткендердің үлесі 75,4 пайызды құрады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!