Ұшақ Алжирден Парижге ұшып келгені хабарланды. Қонғаннан кейін техникалық тексеру кезінде шасси қуысынан әлсіз күйдегі адам табылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Le Matin басылымына сілтеме жасап.
Портал мәліметінше , 20 жастағы алжирлік қатты суықтап қалған. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Коммерциялық ұшақтар ұшатын биіктікте ауа температурасы -50 градусқа дейін төмендейтіні атап өтілді.
Мұндай жағдайлар авиация тарихында талай рет болған. 2017 жылы 15 жастағы жасөспірім Нигерияның Лагос қаласындағы әуежайға Boeing 747 жолаушылар ұшағының шасси бөлігінде жасырынып ұшып барғаны хабарланған болатын.
2014 жылы америкалық жасөспірім Калифорниядан Гавай аралдарына бес сағаттық рейс кезінде Boeing 767 жолаушылар ұшағының шассиінде болып, аман қалған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.