30 жыл ішінде әлемнің барлық еліне барған даниялық зерттеуші туристерге "жаңалық ашты". Ол әдеттегі туристік бағыттар мен көрікті жерлерді сынға алды, сонымен қатар ең дәмді тағам кездесетін жерлер туралы айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.
Хенрик Йеппесен 17 жасында саяхатын Каирдан бастады және 3000 күндік саяхатта БҰҰ ресми түрде мойындаған барлық 193 елге, сондай-ақ даулы аумақтарға және тіпті ұсақ аралдарға барды. Алдымен турист оған жағымды тосынсый болған елдер туралы айтты.
Руанда туристі таңғалдырған және қуантқан ел болды.
"Сіз 94-жылдардағы геноцид туралы ойлайсыз, сіз көптеген проблемасы бар Африканы күтесіз, бірақ олай емес. Мұнда өте қауіпсіз және өте таза. Әдемі адамдар мен керемет пейзаждар бар. Бұл - керемет туристік бағыт", - деді даниялық азамат.
Екінші жағымды тосынсый да Африкадағы Нигерия болды. Турист сапарға дейін бұл ел туралы көп негатив естіген.
"Бірақ мен Лагосқа бардым, керемет болды", - деді Хенрик.
Бірақ бай және жұмақ жағажайларымен танымал туристік бағыттар кәсіби туриске ұнамады.
"Бора Бора - тым асыра бағаланған жер", - деді даниялық.
Оның айтуынша, бағалар Мальдивтерге қарағанда екі-үш есе жоғары, бірақ елдің ерекшелігі жоқ. Қызмет көрсетуі де нашар. Сондай-ақ, Сал аралдары да туристі қуанта алмады.
"Бұл жай ғана орта деңгейдегі жаппай туристік бағыт. Онда жағымды атмосфера жоқ", - деп сендірді турист.
Оның айтуынша, ең мейірімді адамдар Иранда болды. Сондай-ақ, ол Италияның тамағын ең дәмді деп атады.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!