Әлемнің барлық елінде болған турист пайдалы кеңестерін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет jimkitchen.org сайтынан Сурет jimkitchen.org сайтынан

БҰҰ мойындаған әлемнің барлық 193 елінде болып, Blue Origin ғарыш зымыранының азаматтық экипажының мүшесі болған америкалық Джим Китчен (Jim Kitchen) туристерге саяхатқа дайындыққа қатысты кеңесін айтты. Оның кеңесін Bloomberg порталы жазды.


Иконка комментария блок соц сети

БҰҰ мойындаған әлемнің барлық 193 елінде болып, Blue Origin ғарыш зымыранының азаматтық экипажының мүшесі болған америкалық Джим Китчен (Jim Kitchen) туристерге саяхатқа дайындыққа қатысты кеңесін айтты. Оның кеңесін Bloomberg порталы жазды.

57 жастағы кәсіпкер және SBT топтық турларды ұйымдастыру компаниясының негізін қалаушы Джим Китчен дамушы елдерге саяхатқа шыққанда зергерлік бұйымдарды тақпауға кеңес берді. Оның айтуынша, қымбат зергерлік бұйымдар ұрылардың немесе бұзақылардың назарын аударуы мүмкін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jim Kitchen (@jim.kitchen)

Маман қосымша несие картасын алып, оны сенімді жерде жасыруға кеңес берді.

"Мен тонау немесе басқа күтпеген жағдай туындаған кезде көшеде ақшасыз қалмау үшін әрқашан аяқ киімнің астына қосымша пластикалық карта салып қоямын", - деп бөлісті ол.

Сонымен қатар, Китчен полиэстерден жасалған төсек орындарда ұйықтай алмайтынын айтты. Өйткені бұл материал қатты қышытады. Осы себепті турист мақтадан тігілген төсек-орын алып жүруге кеңес береді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jim Kitchen (@jim.kitchen)

Қорытындылай келе, ер адам ұзақ сапарларда әрқашан алдыңғы жағында бірнеше қалтасы бар шалбар немесе шорт киетінін атап өтті. Оған төлқұжат, телефон, отырғызу талоны, әмиянды саласыз және қажет болған жағдайда оларды тез ала аласыз.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная