Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) индустриядағы жаһандық дағдарысты хабарлады. Бұл туралы мекеменің сайтында жарияланған баяндамадан белгілі болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Ұйым мәліметінше, әлемдік туризм тарихындағы ең үлкен дағдарыс екінші жылға жалғасып отыр. 2021 жылдың қаңтар-мамыр аралығында халықаралық саяхаттар саны 2020 жылмен салыстырғанда 60 пайызға немесе 2019 жылмен салыстырғанда 85 пайызға қысқарды.
Халықаралық туризмнің дамуы жаңа COVID-19 мутациясының пайда болуы, елдер арасындағы рейстердің тоқтауымен шектеледі. Дегенмен, әлемнің көптеген бөлігінде ішкі туризмнің өсуі байқалады.
Ұйым бас хатшысының пікірінше, әлемде вакциналау қарқынын жеделдету және халықаралық сапарларға үнемі өзгеріп отыратын шектеулер жағдайында туристердің жайлылығы үшін цифрлық құралдарды дамыту туризмді қайта бастау үшін өте маңызды болады.
COVID-19 пандемиясының салдарынан әлемдік туризм 2023 жылдан ерте қалпына келе алмайды деп болжануда.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!