Фото ©Tulemar Bungalows & Villas Фото ©Tulemar Bungalows & Villas

Әлемдегі үздік 25 қонақүй аталды


Travellers' Choice халықаралық сыйлығы аясында үздік қонақүйлер таңдалды. TripAdvisor веб-сайтындағы рейтинг туристердің пікірлері негізінде жасалады. Таңдау 25 қонақүйден тұрады. Kaz.tengritravel.kz және  Aviata.kz толығырақ айтып береді.

Коста-Рикадағы Tulemar Bungalows & Villas қонақүйі рейтингтің көшбасшысы болып танылды. Ол Тынық мұхитына қарайтын тау бөктеріндегі джунглиде орналасқан. Қонақүйге 4700-ден астам оң пікір жазылды. Оның жалпы бағасы 5.0 "орналасу", "тазалық", "қызмет көрсету" критерийлері бойынша жоғары ұпай алды. Отбасымен демалуға жарамды, сонымен қатар ұсынылатын жабдықтар тізімінде: гипоаллергенді бөлме, кондиционер, жеке жағажай, қосымша жуынатын бөлме және асүй бар.

Екінші орында Бразилияның Грамаду қаласында орналасқан Colline de France қонақүйі. Ол саяхатшылардан екі жарым мыңға жуық "өте жақсы" баға алды. Қонақүйдің артықшылықтарының ішінде Praca Major Nicoletti (1,4 шақырым) және Chave-Mestra Escape Game Gramado (1,4 шақырым) сияқты көрнекті орындарға жақын болғаны ерекше аталады. Бөлмелерде жарықты жауып тұратын перделер, халаттар, мини-бар және ұзартылған кереуеттер бар.

Рейтингтің қоласын құмды үлкен жағажайы мен таза теңізі бар грек Ikos Aria жеңіп алды. Курорт "барлығы қосылған" жүйесі бойынша жұмыс істейді. Қонақүйде бассейн, мейрамхана, бала күтуші бар. Көлікпен келетін қонақтар үшін тегін тұрақ қарастырылған. Демалыс орны саяхатшылардан 1370 пікір мен 5.0 ұпай алды.

Мальдивтегі, Индонезиядағы, Швейцариядағы, Түркиядағы, Испаниядағы, Таиландтағы және Мысырдағы бірнеше қонақүй ең жақсы орналастыру орындарының қатарына кірді.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.





Осыған ұқсас мақалалар

Экс-футболшы Құздан секіремін деп отбасының көз алдында қайтыс болды Экс-футболшы Құздан секіремін деп отбасының көз алдында қайтыс болды
Туристер Паттайяның адам көп жүретін жерінде пышақтасты Туристер Паттайяның адам көп жүретін жерінде пышақтасты
Ұшқыштың жұмысқа дайындалған сәті Желі қолданушыларын тәнті етті Ұшқыштың жұмысқа дайындалған сәті Желі қолданушыларын тәнті етті