Әлемдегі танымал туристік бағыттардың үздік ондығы аталды

Сарапшылар туристер 2022 жылдың бірінші тоқсанында саяхаттауға тапсырыс беретін топ-10 бағытты атады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Expedia Group зерттеуіне сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, Лас-Вегас, Нью-Йорк, Чикаго және Лондон сияқты ірі қалалар саяхатшылар арасында танымал болып, Канкун, Пунта-Кана, Гонолулу және Майами cекілді жағажай бағыттарымен қатар бірінші тоқсанда әлемдегі ең көп тапсырыс берілген он бағытқа кірді.

Лас-Вегас NORA M тізімін (Канада, АҚШ және Мексиканы қамтитын экономикалық аймақ) Нью-Йорктен озып, 2021 жылдың үшінші және төртінші тоқсанында бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар, үшінші тоқсан қатарынан Нью-Йорк барлық аймақтағы ең көп тапсырыс берілген бағыттардың ондығына кіреді. Қалған үш аймақ бойынша көшбасшылар Токио (APAC: Азия-Тынық мұхиты және Жапония), Лондон (EMEA: Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) және Мехико (LATAM: Латын Америкасы) болды.

Expedia Group Media Solutions зерттеушілері 2022 жыл тұрақты өсу кезеңі бола алатынын атап өтті.

Ковид шектеулері әлсіреген сайын саяхаттар жиі қызықтыра бастады. Бұған жаһандық сұраныстар санының өсуі дәлел. Бірінші тоқсанда ғаламдық іздеу көлемі алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 25 пайызға өсті, бұл Солтүстік Америкадағы (NORAM) өсімнің арқасында 30 пайызға, Еуропада, Таяу Шығыста және Африкада (EMEA) 25 пайызға артты.

Сондай-ақ, ғаламдық іздеу көлемі 2021 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 75 пайызға өсті. Барлық аймақта өткен жылмен салыстырғанда өсім байқалды: EMEA аймағында іздеу көлемі 165 пайызға, NORAM-да 70 пайызға өсті. Латын Америкасындағы өсім 50 пайызды, ал Азия-Тынық мұхиты аймағында (APAC) 30 пайызды құрады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!