Әлемдегі рождестволық ең үздік 10 жәрмеңке аталды

Нью-ЙорктегіБрайант-парк қысқы ауылы, Мюнхендегі Мариенплац, Германиядағы Кельн соборы және Польшаның Краков қаласындағы Рынек-Глауни орталық алаңы әлемдегі ең үздік рождестволық базарлар тізіміне кіреді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Unian басылымына сілтеме жасап.

Рождество мен Жаңа жыл таяп қалды, сол себепті әлемдегі ең үздік рождестволық жәрмеңкелер қайда өтетіні және демалыс пен шопинг үйлесімін табу үшін қайда бару керектігі айтылды.

Mirror мәліметінше, Planet Cruise құрастырған тізімде алты фактор бойынша орындар белгіленген:

  • киоскілер саны;
  • ашық күндер;
  • TripAdvisor рейтингі;
  • TripAdvisor шолуы;
  • Google-дегі іздеулер саны;
  • Instagram желісіндегі хештегтер мәліметі.

Биыл үздік жәрмеңкелер тізіміне енгендер тізімі:

  1. Брайант-Парк, Нью-Йорк, АҚШ;
  2. Мариенплац, Мюнхен, Германия;
  3. Кельн соборы, Кельн, Германия;
  4. Польшаның Краков қаласындағы Рынек-Глауни орталық алаңы;
  5. Әулие Стефан Базиликасы, Будапешт, Венгрия;
  6. Бленхейм қамалы, Вудсток, Біріккен Королдік;
  7. Қысқы таңғажайыптар елі, Гайд-парк Ұлыбритания;
  8. Александерплац, Берлин, Германия;
  9. Вроцлава базары, Вроцлав, Польша;
  10. Лизеберг, Гетеборг, Швеция.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!