Әлемдегі қонақүйлердің толымдылығы алғаш рет пандемияға дейінгі деңгейден асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет @Shutterstock Көрнекі сурет @Shutterstock

2019 жылмен салыстырғанда бүкіл әлемде қонақүйлерді күнделікті брондау индексі 11 пайызға өсті. Сонымен қатар, сұраныс қана емес, бағалар да көтеріліп жатыр. Бұл туралы Amadeus Demand360 бизнес-аналитикасының мәліметтерінен белгілі болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

2019 жылмен салыстырғанда бүкіл әлемде қонақүйлерді күнделікті брондау индексі 11 пайызға өсті. Сонымен қатар, сұраныс қана емес, бағалар да көтеріліп жатыр. Бұл туралы Amadeus Demand360 бизнес-аналитикасының мәліметтерінен белгілі болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

2022 жылдың наурызында қонақүйлерді толтыру индексі 2019 жылдың деңгейіне жетті. Сәуірде көрсеткіштер көтеріле бастады, ал мамырда олар пандемияға дейінгі деңгейден 3 пайызға асып кетті. Мұндай көрініс бүкіл әлемде байқалады. Мысалы, АҚШ-та толтырылу индексі 7 пайызға, Канадада 8 пайызға өсті.

Сұраныс пен толтыру ғана емес, сонымен қатар орналастыру бағасы да көтеріліп жатыр. Amadeus болжамына сәйкес, 2022 жылдың маусым, шілде және тамызында орташа әлемдік көрсеткіш 200 долларды құрайды, бұл орташа баға 180 доллар болған 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға жоғары. Кейбір елде бөлме бағасының өсімі болжанып отыр. Мысалы, Францияда 2022 жылдың шілдесінде баға белгісі 428 долларға дейін көтеріледі, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 29 пайызға көп.

Айта кетейік, қазір сапарлардың жартысынан көбі (54 пайызы) кетерден бір апта бұрын брондалған. Бұл қазіргі уақытта жаз айларында тіркелген қонақүйлердің толтырылуы айтарлықтай артады дегенді білдіреді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная