© pixabay.com © pixabay.com

Әлемдегі ең үздік төлқұжаттар аталды


Халықаралық "Henley and Partners" компаниясы азаматтары емін-еркін қозғала алатын елдер тізімін құрастырды. Kaz.tengritravel.kz бұл тізімде Қазақстан қай орынды алғаны туралы да айтады. 

Рейтингте 191 елге визасыз кіре алатын немесе келгеннен кейін әуежайда алу мүмкіндігіне ие Жапония көш бастап тұр. Екінші орында - Сингапур (азаматтар үшін ашық 190 бағыт), үздік үштікке - Германия мен Оңтүстік Корея (189 ашық бағыт) енді. 

"Азия-Тынық мұхиты елдерінің рейтингтегі артықшылығы салыстырмалы түрде жаңа құбылыс. Рейтингте 16 жыл бойы бірінші орынды дәстүрлі түрде ЕО, Ұлыбритания немесе АҚШ елдері иеленіп келген. Сарапшылар жаңа көшбасшылар әлі де өз позицияларын сақтайды деп болжайды, өйткені олардың көпшілігі пандемиядан қалпына келтіру процесін бастады. АҚШ пен Ұлыбритания вирусқа байланысты әлі де күрделі мәселелерге тап болғанын ескере отырып, екі елдің паспорттық күші тұрақты түрде төмендей береді", - делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

2006 жылғы рейтингпен салыстырғанда үлкен өсімді Біріккен Араб Әмірліктері көрсетті. Қазір ел визалық шектеулер индексі бойынша 173 ұпай және 16 орын алды. Мұндай үдеріс 2020 жылы қол қойылған бірнеше өзара визалық келісімдердің арқасында жүзеге асқан.

Еуразия елдеріне келетін болсақ, рейтингтің 41-орнында Украина (130), 50-орында 116 қолжетімділік индексі бар Ресей орналасқан. Одан әрі, Қазақстан 70-орынды иеленіп, Қытай және Беларусьпен позицияларын бөліп, 75 елге қол жеткізді.

Рейтингте барлығы 110 позиция және 165 ел бар. Соңғы орындарды Ауғанстан, Иран, Сирия және Пәкістан алды. Ең төменгі индекс - 26.

Рейтинг IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығының зерттеулеріне негізделген, ол әуе қатынастары мен тұтастай алғанда әуе көлігі саласы туралы ең дәл мәліметтер базасы ретінде танылған. Бұл зерттеу - елдер енгізген уақыт шектеулерін ескермейді.

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.


Осыған ұқсас мақалалар

Филиппины шетелдік туристердің келуіне дайындалып жатыр Филиппины шетелдік туристердің келуіне дайындалып жатыр
Латвия, Литва және Эстония туристердің кіру ережелерін өзгертті Латвия, Литва және Эстония туристердің кіру ережелерін өзгертті
Еуроодақта біріңғай вакциналық төлқұжат енгізу мәселесі талқыланып жатыр Еуроодақта біріңғай вакциналық төлқұжат енгізу мәселесі талқыланып жатыр