Әлемдегі ең үлкен круиз кеме қайта өңдеуге жіберіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдегі ең үлкен круиз кеме - көлемі, функциясы және сыйымдылығы бойынша әлемде баламасы жоқ Global Dream II бірде-бір рейс жасамай өңдеуге жіберіледі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Әлемдегі ең үлкен круиз кеме - көлемі, функциясы және сыйымдылығы бойынша әлемде баламасы жоқ Global Dream II бірде-бір рейс жасамай өңдеуге жіберіледі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус пандемиясының салдарынан кеме жасау зауытының банкроты және мегалайнерде сатып алушылардың болмауынан кеме металл ретінде өткізіледі.

9 мың жолаушыны тасымалдау мүмкіндігі бар Global Dream II туристер үшін сыйымдылығы бойынша әлемдегі ең үлкен круиздік кеме болуы керек еді. Ол қазіргі уақытта рекордшы болған Wonder of the Seas-тен асып түседі. Салыстыру үшін: Wonder of the Seas сыйымдылығы жағынан 6 988 жолаушыны қабылдай алады.

Бұл үлкен кемені полигонға тікелей жіберудің себебі оның қымбат болуында. Кемені неміс-гонконгтық MV Werften компаниясы құрастырған. Ол 2022 жылдың қаңтарында кеме құрылысы аяқталған кезде банкроттық туралы өтініш берген. 

Енді егер сатып алушы табылмаса, алып кеме қайта өңдеуге жіберіледі. Кеме қозғалтқышы және басқа да бөлшектер сатылады. Алайда, төменгі корпус, яғни кеме корпусы аукцион арқылы сатылады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная