Әлемдегі ең танымал туристік бағыттар аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: @Shutterstock Фото: @Shutterstock

Tripadvisor нұсқасы бойынша Индонезияның Бали аралы ең танымал туристік бағыт болып танылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Tripadvisor нұсқасы бойынша Индонезияның Бали аралы ең танымал туристік бағыт болып танылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Екінші орында Ұлыбритания астанасы Лондон тұр. Әрі қарай қазақстандықтар арасында танымал Дубай үшінші орын алды. Үздік бестікте Рим мен Париж бар.

Сондай-ақ қазақстандықтар арасында айтарлықтай танымал Ыстамбұл 10-орында және Пхукет 14-орында тұр. Тізімді Перудің оңтүстік-шығысындағы Куско қаласы аяқтады. Толық тізімді мына сілтемеден көре аласыздар.

Tripadvisor ең үздік туристік бағыттарды 10 аталым бойынша анықтады: "Танымал туристік бағыттар", "Ұлттық парктер", "Жағажайлар", "Әуекомпаниялар", "Қонақүйлер", "Мейрамханалар". Әр аталымда үздік 25 орын мен бағыт көрсетілген.

"Traveller's Choice: үздіктің үздігі" тізімін сарапшылар - осы жерлерде болған туристердің өзі жасады. Мұндай марапатты туристер тарапанынан жақсы пікір алған және Tripadvisor сайтында бес ұпайдың кемінде төртеуін алған нысандар алады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная