Henley & Partners 2024 жылдың Төлқұжат индексін жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Төлқұжат индексі - елдердің қозғалыс еркіндігінің деңгейі көрсетілген халықаралық рейтинг, яғни бір елдің азаматтары қанша мемлекетке визасыз кіре алатыны көрсетілген. Сараптамаға 200-ден аса ел мен аймақтар қатысқан.
Рейтинг басында Германия, Испания, Италия, Франция, Сингапур және Жпония тұр, бұл елдердің азаматтары 194 елге визасыз кіре алады. Сосын Финляндия, Швеция және Южная Корея елдерінің азаматтары 193 елге визасыз кіре алады екен.
Фото: www.henleyglobal.com
Қазақстан бұл рейтингте 66-орында тұр, біздің елдің азаматтары 78 елге визасыз кіре алады. Ресей Федерациясы - 51-орын, Түркия - 52, Беларусь - 64, Әзербайжан - 70, Армения - 74, Өзбекстан - 80. Ауғанстан азаматтары 28 елге визасы кіре алады, олар рейтинг соңында тұр.
Рейтингтің толық нұсқасын Henley & Partners сайтынан көре аласыздар.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!