Әлемдегі ең қымбат қалалар аталды

Швейцарияның Цюрих қаласы мен Сингапур 2023 жылдың ең қымбат қаласы атанды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Unian басылымына сілтеме жасап.

Worldwide Cost of Living Index зерттеуіне сәйкес, былтырғы көшбасшы Нью-Йорк үшінші орынға түскен, ол бұл орынды швейцариялық тағы бір қала - Женевамен бөлісіп отыр.

Айта кетейік, Цюрих былтыр алтыншы орында, ал Сингапур екінші орында болған. Женева болса рейтингте жетінші орынды иеленген болатын.

Швейцариялық қалалардың мұндай секірісін мамандар швейцариялық франктың құнды болуымен байланыстырады және азық-түлік, үйге қажетті заттар мен демалыс бағасының тым қымбат болуы да әсер еткен. Сингапурда көлік қатынасы мен киім-кешек қымбаттаған.

Сирия астанасы Дамаск қаласы әлемдегі ең арзан қала - 173-орын. Тегеран (Иран) және Триполи (Ливия) 172-орынды және 171-орынды өзара бөлісті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!