The Family Vacation Guide сервисінің мамандары туристер жиі баратын ең керемет және ең нашар бес көрнекі орынды атады. Мамандардың айтуынша, рейтингке әлемнің әр түкпірінен жазылған пікірлер ескерілген. Бастапқыда тек "тамаша" деген пікірлер қаралған.
Үздіктер мен аутсайдерлер қатарында туристерге жақсы таныс көрнекі жерлер енген.
Үздік бес орынның рейтингі мынадай:
Сикс-Флэгс-Харбор-Конкорд, Калифорния: АҚШ-тың туристік штатындағы ірі аквапарк - үздіктер тізімінде бірінші тұр. Аттракционға жылы 32 миллион адам келеді, сондай-ақ мұнда өңірдегі ең ірі жасанды толқыны бар бассейн салынған және ең ұзын "жалқау өзені" бар.
Париждегі құдай аналарының соборы, Париж, Франция: әйгілі көрнекі орын, оның құрылысы 1163 жылы басталған, жылына 13 миллион турист барады. 2019 жылы болған өртке байланысты собор жабық, алайда сұраныс азаймаған. Қалпына келтіру жұмыстары 2024 жылы аяқталады деп күтіледі.
© pixabay
Гранд Базар, Ыстамбұл, Түркия: әлемдегі ірі әрі ежелгі жабық базарлардың бірі көпшіліктің ықыласына ие болған. "Ыстамбұлдың үлкен базары көптеген шағын дүкендерден тұрады, онда негізінен түркиялық кілемдер, әшекей бұйымдар, керамикалық ыдыстар, антиквариат және басқа да заттар бар", - дейді авторлар. Жыл сайын Гранд базарға 15 миллионға жуық адам барады.
Plaza de la Constitutición (Конституция алаңы), Мехико, Мексика: тарихи аудан 1812 жылы Испанияда қабылданған испаниялық конституция күніне байланысты аталған. Бұл әлемдегі үлкендігі бойынша екінші алаң - испантілдес елдерде бірінші орынға ие. Жыл сайын 10 миллионға жуық турист барады.
© pixabay
Faneuil Hall сауда алаңы, Бостон, Массачусетс: тағы бір шопинг-көрнекі орын. Тарихи үш сауда ғимараттарынан тұратын көптеген дүкендер мен мейрамханалары бар сауда орталығы. Жылына 170 миллион адам барады.
Аутсайдерлер қатарында кімдер бар? Мұнда да туристерге танымал орындар бар:
Европа-парк, Руст, Германия: оның рейтингі барлығынан төмен болды, танымалдылығы жағынан небары 1,09 ұпай жинаған және жылына тек 2,5 миллион барады. Соған қарамастан бұл Германиядағы ең ірі тематикалық саябақ және Еуропадағы тематикалық саябақтар арасында (париждік Диснейлендтен кейін) танымалдылығы жағынан екінші орынға ие.
Европа-парк. © pixabay
Warner Bros. әлемі, Абу-Даби: әлемдегі бірінші фирмалық жабық Warner Bros тематикалық саябағы. Абу-Дабидегі World туристерге бренд фрнашизаларының көптеген кейіпкерлерін ұсынған. Жыл сайын мұнда 2 миллион туристер кіреді.
Эфтелинг, Катсхёвель, Нидерланды: фэнтези стиліндегі тағы бір темалтикалық саябақ, онда жылына үш миллион адам барады.
Буш-Гарденс, Тампа-Бэй, Флорида: тағы бір көңіл көтеру саябағы, бұл жолы АҚШ-та. Мұнда зообақ, америкалық әткеншектер бар. Жылына екі миллион адам барады.
Линкольна, Вашингтон мемориалы, Колумбия округы: АҚШ-тың 16-президенті Авраам Линкольн құрметіне салынған мемориал. Жылына 170 миллион адам тамашалайды екен, алайда соның 21 пайызы ғана жағымды пікір қалдырады екен.
© pixabay