Мәліметтерді жинақтаушы Numbeo сайт-агрегаторы 2024 жылы қауіпсіздік деңгейі жоғары және төмен елдер тізімін құрастырды. Оған 146 мемлекет кірген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Рейтинг Numbeo сайтының қолданушылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде құрастырылған, онда түрлі сұрақтар қойылған: елдегі қылмыс деңгейіне баға беру - зорлық-зомбылық, шабуыл, кісі өлтіру, сексуалды қылмыстар және тағы басқасы.
Қауіпсіз елдердің үздік ондығына тек бір ғана еуропалық ел кірген. Тізім мынадай:
- Андорра
- БАӘ
- Катар
- Тайвань
- Оман
- Мэн аралы
- Армения
- Гонконг
- Жапония
- Сингапур
Айта кетейік, Қазақстан бұл тізімде 72-орынға шығып, маңайдағы Қырғызстан (106), Беларусь (94), Украина (79), Моңғолия (101) сынды елдерді басып озған. Ал Ресей 51-орынға жайғасқан.
Әдетте ЕО елдері үздіктер қатарында тұратын, бұл жолы тіпті үздік елу елден небәрі бірнешеуі кірген. Испания 43-орын, Германия - 50, Түркия - 53, Грекия - 77, Италия - 83, АҚШ - 89, Франция - 110. Ең қызығы Өзбекстан 29-орында тұр. Толық тізімді мына жерден көре аласыздар.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!