Әлемдегі "ең қалаулы" елдер тізімі жарияланды

Wanderlust басылымы Reader Travel Awards премиясының нәтижесін жариялады. Биыл әлемдегі "ең қалаулы" елдер тізімінде Аустралия көш бастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Кейінгі үш жылда Аустралия екі рет рейтингтің басында тұрды. Сидней жағажайларында классикалық демалыс ұнататындар мен экзотикалық демалысты ұнататындар (Кенгуру және Тасмания аралдарына сапар) саны көбейген.

Үздік ондыққан енген елдер тізімі мынадай:

Аустралия;
Жапония;
АҚШ;
Канада;
Коста-Рика;
Оңтүстік Корея;
Оңтүстік Африка;
Бразилия;
Жаңа Зеландия;
Чили.

Толық тізіммен танысу үшін сілтеме арқылы өтіңіз.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!