Әлемдегі ең жылдам ұшақ биыл рейске шығады

Асқан жылдамдықпен ұшатын "Конкорд ұлы" аталған ұшақ биыл бірінші рет ұшады. Ол Лондоннан Нью-Йоркке небары 3,5 сағатта (қазіргі уақытта бұл сапарға 6 сағат кетеді) ұшып баратын көрінеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Obozrevatel. басылымына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, жаңа ұшақтар Атлантика арқылы ұшуды жеңілдетеді. АҚШ-тан Еуропаға бірнеше сағатта, ал Азияға бір тәулікте жетуге болады екен.

Алайда күнделікті ұшулар тек кем дегенде 2029 жылы іске қосылады. Оның барлығы асқындыбыстық жылдамдық тыйымдарына байланысты екен.

Boom Sonic компаниясы алдын ала 130 ұшақ сатып жіберген. Олар шамамен 600 бағыт бойынша ұшады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!