Әлемдегі ең әдемі жағажайлардың рейтингі жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Cult Beauty қызметі әлемдегі ең әдемі жиырма жағажайдың рейтингін ұсынды. Бір қызығы, алғашқы жиырма елдің ішінде "еуропалық" бірде-бір мемлекет жоқ, бірақ Венесуэла, Кук аралдары және басқа экзотикалық елдер көп. Алғашқы бестікке негізінен, АҚШ пен Австралия жағажайлары кірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Cult Beauty қызметі әлемдегі ең әдемі жиырма жағажайдың рейтингін ұсынды. Бір қызығы, алғашқы жиырма елдің ішінде "еуропалық" бірде-бір мемлекет жоқ, бірақ Венесуэла, Кук аралдары және басқа экзотикалық елдер көп. Алғашқы бестікке негізінен, АҚШ пен Австралия жағажайлары кірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Сервистің мәліметінше, Google жүйесіндегі "ең әдемі жағажайлар" туралы сұраулар саны 220 пайызға өсті. Жалпы, рейтинг жағажайлар мен таңдалған іздеу жүйесінде "әдемі" сөзі бар мақалалар саны бойынша жинақталған. Сондай-ақ, Instagram желісіндегі жарияланымдар туралы деректер негізге алынған.

Алғашқы жиырма ел мынадай:

  1. Венис Бич жағажайы (Калифорния) рейтингті бастады. Ол әлемдегі ең әдемі жағажай деп аталды. Интернеттегі 5,4 миллионнан астам мақала, сонымен қатар Instagram желісінде көп сурет жинады. Пальмалар, ағаш едендер, таулардың керемет көрінісі, сонымен қатар "Калифорнияның ең керемет тұрғындарын" кездестіру мүмкіндігі туристерді ынталандырды.
  2. Main Beach, Byron Bay, Australia тізімде екінші орынға ие болды және сонымен бірге "әдемі" сөзі бар Google іздеу нәтижелерінің ең көп санына айналды - 6,92 миллион рет. Таңғаларлық емес, өйткені бұл - құм, күн және тыныштық мекені.
  3. Филиппиндегі Эль-Нидо аталған әлеуметтік желіде 1,2 миллион хабарлама және 3,9 миллион мақаламен үшінші орынға ие болды. Туристерге бұдан басқа мінсіз жағалауды іздеудің қажеті жоқ дейді. Таза, мөлдір су, ұсақ ақ құм және жасыл өсімдіктер - бұл жағажайдың керемет көрінісі үшін қажет нәрсе.
  4. Флоридадағы Панама-сити (АҚШ)
  5. Бонди, Австралия
  6. Санрайз-Бич, Ко Липе, Таиланд
  7. Бандон, Орегон, Құрама Штаттар
  8. Лонг-Бич, Фукуок, Вьетнам
  9. Лос-Рокес, Венесуэла
  10. Ыстық су жағажайы, Коромандель түбегі, Жаңа Зеландия
  11. Терма, Верджин-Горда, ұлыбританиялық Виргин аралдары
  12. Майя шығанағы, Ко-Пхи-Пхи, Таиланд
  13. Тулум, Мексика
  14. Jeffreys Bay, Оңтүстік Африка Республикасы
  15. Унаватуна, Шри-Ланка
  16. Раротонга, Кука аралы
  17. Грейс-Бей, Провиденсьялес, Теркс және Кайкос аралы
  18. Крейн-Бич, Барбадос
  19. Боулдерс-Бич, Кейптаун
  20. Уайтхейвен-Бич, Квинсленд, Австралия

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная