Әлемдегі екінші үлкен ел туристерге шекарасын ашуды жоспарлап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оттава, Канада. Фото: pixabay.com Оттава, Канада. Фото: pixabay.com

Канада билігі қыркүйектің соңында елге келетін шетелдік туристерге қоятын міндетті вакцинациялау туралы талабын алып тастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Globe and Mail жазады.


Иконка комментария блок соц сети

Канада билігі қыркүйектің соңында елге келетін шетелдік туристерге қоятын міндетті вакцинациялау туралы талабын алып тастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Globe and Mail жазады.

Басылымның мәліметінше, үкімет 30 қыркүйектен бастап қолданыстағы коронавирус шектеулерін жеңілдетіп, барлық турист үшін шекарасын ашпақ. Міндетті вакциналау туралы талапты алып тастаумен қатар, жолаушылар әлемдегі екінші үлкен елге кіргенде әуежайда COVID-19 сынамаларынан босатылуы мүмкін.

Канаданың коронавирус саясатындағы өзгерістер министрлер кабинетінің соңғы мақұлдауынан әлі өтпеген. Дегенмен, үкімет авиация және туризм салаларын белсенді түрде жеңілдіктерге итермелеп, қолданыстағы шектеулер туристерді қорқытады және басқа елдердің өзекті риторикасына сәйкес келмейді деп атап өтті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная