Әлемде жиі шағым түсірілетін әуежайлар тізімі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Әлемде жиі шағым түсірілетін әуежайлар тізімінде Ұлыбритания, Грекия және Франция әуеайлақтары көш бастады. Бұл туралы Гавайдағы демалыс туралы жазатын Hawaiian Islands басылымы өз зерттеуінде жазды.


Иконка комментария блок соц сети

Әлемде жиі шағым түсірілетін әуежайлар тізімінде Ұлыбритания, Грекия және Франция әуеайлақтары көш бастады. Бұл туралы Гавайдағы демалыс туралы жазатын Hawaiian Islands басылымы өз зерттеуінде жазды.

Рейтин басында ұлыбританиялық Манчестер қаласының әуежайы тұр - шамамен 82,5 пайыз пікір негатив және шағым түсірілген. Негізінен мынадай сөздер жиі кездеседі: "қысылу", "жетіспеушлік", "кезекте тұру" және "фарс". Антирейтингтің күміс жүлдесін Крит аралында орналасқан Ираклионның "Никос Казандзакис" әуеайлағы алды. Үшінші орын лондондық Станстед әуежайына бұйырды.

Одан кейін Торонтодағы Канада әуежайы және Бордодағы француз әуежайы жағымсыз пікірлерге ие болған. Ұлыбританияның Лутон (Лондон) және Бристоль сынды әуеайлақтары, сондай-ақ Берлин, Брюссель және Бесінші республиканың (Франция) тағы бір әуепорты - Бове Тилле де ондыққа кірді.

Бір қызығы, жолаушылар ағыны бойынша әлемдегі ең көп жұмыс істейтін 20 әуежай ең "стресстік" 25 әуежайдың қатарына кірмеген. Рейтингке Ресейдің Краснодар қаласының әуежайы да кірді, оның көрсеткіші 52,52 пайыз.

Мамандар бүкіл әлем бойынша 500-ден аса әуежайларда 1500-ден аса Google шолуларын қарады: әуе айлақтары наразылық туралы ескертулердің жиілігіне және пікір авторларының шағымдарының санына байланысты бағаланды.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная