TravelRambler сарапшылары әлемде ең қымбат прайвэт-джеттерге кімдердің қолы жете алтыны туралы зерттеу жүргізді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.
Кез келген жеке ұшақты сатып алуға қомақты қаржы керек, өйткені олардың ең кішілерінің өзі миллиондаған доллар тұрады.
Ал кейбір адамдарға кәдімгі ұшақ емес, ешкімде жоқ ерекшесі қажет екен. Ал оған сәйкесінше ғаламат ақша керек болады.
Бірден айта кету керек, ұшақты сатып алу бір бөлек шығын, ал оны иелену мен күту мүлде басқа.
Роман Абрамович - 350 миллион доллар
Ресейлік миллиардер Роман Абрамович Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін мұнай, металлургия және тау-кен компанияларына инвестиция құйып, үлкен байлық жиып алды. Ал оның бір емес бірнеше ұшағы бар екен, олардың ең қымбаты 350 миллион тұратын Boeing 787 Dreamliner. Бұл ұшақта үлкен төсек, бірнеше жуынатын және ас бөлмесі бар көрінеді. Алайда қазіргі таңда санкцияларға байланысты бұл ұшақты АҚШ билігі тәркіледі.
Дрейк - 185 миллион доллар
Канадалық рэп әнші Дрейктің Boeing 767 жеке ұшағы 185 миллион доллар тұрады. Мұндда да ас бөлме және бірнеше жуынатын орын бар. Air Drake аталып кеткен бұл ұшақты әнші әлем бойынша турне және VIP-концерттеріне бару үшін пайдаланады. Дегенмен әнші 14 минут қана ұшатын жерге де осынау ұшағын пайдалану қоршаған ортаға үлкен зиян келтіріп жатыр деп сынға қалды.
Ким Кардашьян - 150 миллион доллар
Атақты адамдардың көбі ешкімге жеке өмірін және жеке ұшағын паш еткісі келмейді. Бірақ Ким Кардашьян емес.
Бизнес-леди және реалити-шоу жұлдызы ретінде Ким Кардашьян карьерасын жеке өмірін онлайн режимде паш ету арқасында жасады. 2022 жылы ол Gulfstream G650ER ұшағына ТВ-экскурсия жасады.
Кардашьян мен оның командасы телефонды ұзақ пайдаланады, сондықтан оның жеке сұранысы бойынша ұшақтың әрбір жерінде телефон қуаттайтын орындар өте көп. Ұшақтағы осы және басқа да талаптарына ол 150 миллион доллар жұмсапты.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!