Әлем халқының 10 пайыздан азында коронавирусқа антиденелер бар. Бұл туралы ДДҰ бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ұйымның Twitter-де шыққан сұхбатында Сваминатан ДДҰ әлемнің кейбір қаласында инфекция ошақтарын талдайтын зерттеулерді қадағалап отырғанын атап өтті. Зерттеу нәтижелері кейде қала халқының кемінде жартысында коронавирусқа антиденелер бар екенін көрсетсеткен, алайда бұл ұжымдық иммунитетке қол жеткіздік дегенді білдірмейді.
"ДДҰ осы эпидемияға қарсы зерттеулерді қадағалап отыр, соңғы есептеулер бойынша, олардың саны 500-ге жуық болды. Ал оларды бірге қарастырсақ, әлем халқының 10 пайыздан азында бұл вирусқа қарсы антидене бар", - деді Сваминатан.
As new variants emerge people are wondering if they should wait until a more efficacious vaccine is available or if they should go ahead & get vaccinated now?
— World Health Organization (WHO) (@WHO) February 28, 2021
Answering your questions on #COVID19 vaccines & variants in this episode of #ScienceIn5 is WHO's @doctorsoumya ⬇️ pic.twitter.com/X7feDEosha
"Әрине, кей жерде, мысалы, халық тығыз орналасқан қалалық жерлерде халықтың 50-60 пайызы вирус жұқтырып, кейін антиденелері пайда болды. Алайда мұны бүкіл қала, провинция, штат немесе ел ұжымдық иммунитетке қол жеткізді деп айтуға болмайды", - дейді сарапшы.
Сваминатан ұжымдық иммунитетке дүниежүзілік масштабта қол жеткізудің жалғыз жолы - вакцинация екенін мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!