Әлем бойынша саяхаттаудан көңілі қалған туристер саны қанша?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Туризм саласы қайта қалпына келіп, саяхатшылар пандемия жылдары жіберіп алған мүмкіндіктердің орнын толтырып жатыр, алайда соған қарамастан, көптеген туристер саяхаттау идеясын біржола қойған, - деп хабарлайды Euronews.com.


Иконка комментария блок соц сети

Туризм саласы қайта қалпына келіп, саяхатшылар пандемия жылдары жіберіп алған мүмкіндіктердің орнын толтырып жатыр, алайда соған қарамастан, көптеген туристер саяхаттау идеясын біржола қойған, - деп хабарлайды Euronews.com.

Morning Consult агенттігінің бизнес-сарапшылары 2022 жылы саяхат және қонақүй кәсібінің жағдайына талдау жасаған. Соның нәтижесінде, кейбір адамдар саяхаттаудан көңілі қалып, демалу үшін ел кезуді жоспарынан алып тастаған.

Талдау Аустралия, Бразилия, Канада, Қытай, Франция, Германия, Үндістан, Италия, Жапония, Мексика, Ресей, Оңтүстік Корея, Испания, Ұлыбритания және АҚШ-тан келген 16000-нан аса Америка, Еуропа және Азия-Тынық мұхиты тұрғындарының сауалнамасына негізделген.

Осылайша, Жапониядан келген респонденттер саяхатқа ең аз қолдау көрсетті: 35 пайызы ешқашан демалысқа қайта баруды жоспарламайтынын айтқан. Оңтүстік Кореяда адамдардың 15 пайызы ешқашан саяхаттағысы келмейді, одан кейін Қытай мен АҚШ - әрқайсысы 14 пайыздан.

Еуропалықтар арасында француздар саяхаттаудан көңілі қалған: 10 пайызы енді ешқашан саяхаттауды жоспарламайтынын айтты. Ұлыбритандықтардың 8 пайызы және испандықтардың 6 пайызы да осындай ойда.

Саяхаттағысы келмейтіндерден басқа, инфляция жағдайында үнемдеу үшін және экономикалық дамудың төмендеуінен қорқып, сапарға шыға алмайтындар да болды - америкалықтардың 43 пайызы.

Morning Consult талдауы сонымен қатар іссапарлар санының азаюын болжайды, әсіресе еуропалықтар онлайнға көшуге бел буған. Бұл ретте испандық респонденттер іскерлік сапарларын біржола аяқтағанын мәлімдеді.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная