Билет сатып аларда жалған сайт емес екеніне қалай көз жеткізуге болады? Бұл туралы Тourdom.ru сайты жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Ең алдымен, сіз шынымен ресми сайтқа кіргеніңізге көз жеткізіңіз.
"Мен іссапарға баратын болдым және сенбіде билет алайын дедім. Іздеу жүйесінде бірінші сілтеме https://www.ticketsrzd.com/ сайтына кіргізді. Еш күмәнім болған жоқ. Билетті әдеттегідей алуға болатын еді: пойызды, вагонды, орынды таңдайсың, жолаушы туралы ақпаратты енгізесің, төлемге көшесің. Соңғысына жеткенде бірдеңе дұрыс болмай қалды. Маған "банк тарапынан техникалық ақау болды, кейінірек төлем жасаңыз" деген хабарлама келді. Соңында картамнан ақша екі рет алынғанын білдім. Алаяқ сайт екен", - деп жазды басылым оқырманы.
Билет алаяқтарына алданып қалмау үшін браузерден қажет сайтыңызды іздеген жөн. Содан кейін ресми сайттағы жеке кабинетіңіз арқылы билет алыңыз. Әзірге ең қауіпсізі осы болып тұр.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!