Үндістанның оңтүстігінде ызаланған піл суретке түспек болған туристерді таптап кетпек болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Порталдың мәліметінше, екі турист көлікпен кетіп бара жатып жол бойындағы пілді көрген. Олар пілмен бірге суретке түсу үшін тоқтаған көрінеді. Алайда кездесудің соңы қайғылы аяқтала жаздады.
Піл суретке түскісі келмейтіндей сыңай танытқан. Кейін ашуға булыққан жануар ер адамдарды қуа жөнелген. Олардың біреуі құлап түскенде піл таптап кетпек болды.
OMG! The person is very lucky to have survived the Elephant attack at Bandipur-Wayanad Tiger Reserve. #Bandipur pic.twitter.com/HfwsxKVVRv
— Mohammed Zubair (@zoo_bear) February 1, 2024
Оқиға куәгерлері атап өткендей, құлаған туристің жолы болды. Себебі жол бойында өтіп бара жатқан көлік пілдің назарын басқа жаққа аударып жіберді.
Айта кетейік, Үндістанның жаңадан қабылданған заңы бойынша тыйым салынған орман алқаптарының шекараларын бұзғаны үшін туристер үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе жарты миллион теңгеге дейін (100 мың рупий) айыппұл арқалауы мүмкін.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!