Henley & Partners сарапшылары басқа елге инвестиция құю арқылы азаматтық алуға болатын мемлекеттер тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Компания мамандары 40 инвестициялық бағдарламаны саралап, 2023 жылы да Еуропа елдерінің көш бастағанын айтады. Тізім ондаған критериге негізделген, оның ішінде өмір сүру сапасы, визасыз кіру, өтінішті қарастыру мерзімі, ақпаратты өңдеу сапасы және басқа факторлар қарастырылған.
Сегізінші жыл қатарынан Мальта осы негіздегі рейтингте көш бастап тұр. Оның шарттары мынадай: инвесторлар 36 ай (кей жағдайда небары 12 ай) резидент статусында болып, ел экономикасына қомақты инвестиция (738 мың еуро) құйса ол адам осы елдің азаматтығын ала алады.
Тізім басында кариб елдері тұр. Инвесторларды бағдарламаларға қатысудың аз құны, сондай-ақ Шенген аймағының елдеріне, Ұлыбританияға, Қытайға және басқаларға визасыз саяхаттау мүмкіндігі қызықтырады.
2023 жылғы рейтингпен толығырақ төменде танысуға болады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!