АҚШ-та Техас және Миссисипи Штаттарының билігі бетперде тағу режимін тоқтатты. Мейрамханалар мен басқа мекемелерде, сондай-ақ кәсіпорындарда адам санына байланысты лимит те алынып тасталды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы tourdom.ru сайтына сілтеме жасап.
NTV мәліметінше, Техас губернаторы Грег Эбботт вакцинациялаудан кейін осындай шешім шығарғанын айтқан.
"Бетперде тағу талаптары мен пандемияға байланысты қабылданған басқа да қауіпсіздік шараларын тоқтату керек", - деді ол.
Алайда, егер штаттағы ауруханаларда адам көбейсе, онда шектеулер қайтарылуы мүмкін. Тек губернатор мұндай жағдайда бетперде режимін бұзғаны үшін айыппұл салынбайтынына уәде етті.
Миссисипи басшысы Тейт Ривз де осындай шешім шығарды. Ол Твиттер желісінде тергеу изоляторларында бетперде тағу міндетін алып тастау туралы жазды. Сонымен қатар коронавирусты жұқтырғандар санының азаюына байланысты кәсіпкерлерге толық және шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етті.