АҚШ-та шоу кезінде екі ұшақ соқтығысты

АҚШ-тың Невада штатындағы Рино қаласында шоу кезінде екі ұшақ соқтығысты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Әуе апаты туралы Рино қаласының Әуе жарысы ассоциациясының әлеуметтік желідегі парақшасында X жарияланды.

Әуе апаты салдарынан екі ұшқыштан қаза тапқан.

"Рино қаласының Әуе жарысы ассоциациясы шамамен 14:15-те (Астана уақыты бойынша 17:15-те) біздің жарысқа қатысушылар - Ник Мэйси мен Крис Рашинг ұшақты жерге қондыру кезінде соқтығысып, салдарынан екеуі де қаза тапты", - делінген хабарламада.

Ассоциация Көліктегі ұлттық қауіпсіздік кеңесімен бірге және жергілікті билік өкілдері, сондай-ақ АҚШ-тың федералды азаматтық авиация басқармасымен бірге тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Көрермендер зардап шеккен жоқ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!