Жер-жаһан 04 наурыз 2024 10:34

АҚШ-та жолаушылар ұшағына найзағай түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Америкалық Breeze Airways әуекомпаниясының ұшып бара жатқан лайнеріне найзағай түсті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Aero inside порталына сілтеме жасап.


Америкалық Breeze Airways әуекомпаниясының ұшып бара жатқан лайнеріне найзағай түсті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Aero inside порталына сілтеме жасап.

Әуекеме 27 ақпанда Форт-Майерстен (АҚШ) Питтсбургке жол тартқан.

Оқыс оқиға ұшақ Питтсбург қаласына жақындағанда болған.

Найзағай түскеніне қарамастан ұшқыштар ұшуын тоқтатпаған көрінеді.

"Қонғаннан кейінгі тексеріс барысында ұшақтың тұрақтандырғышы зақымдалғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!