АҚШ президенті Израиль мен Украинадағы жағдайға байланысты халыққа үндеу жасады

АҚШ президенті Джо Байден бейсенбіде кешкісін Израиль мен Украинадағы жағдай туралы халыққа телеүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Голос Америки" басылымына сілтеме жасап.

Ол әлем бетбұрыс кезеңінде тұрғанын, болашаққа әсер ететін шешімдер қабылдау керек екенін айтты. "Біз тарихтың бетбұрыс кезеңінде тұрмыз, бүгінгі қабылдаған шешімдеріміз алдағы онжылдықтардағы болашақты қалыптастырады", - деді Байден.

Ақ үй басшысы нақты сандарды жарияламай, Израиль мен Украинаны қаржыландыру үшін Конгресске төтенше бюджеттік өтінім бағытталғанын хабарлады.

"Украинаға қатысты мен Конгресстен Украинаға өздерін қорғауға қажетті қару-жарақты үздіксіз жіберуді жалғастыруымызға кепілдік беруін сұраймын", - деді Байден.

Байден Киев пен Тель-Авивке көмекті америкалықтардың болашақ ұрпақтарына "дивиденд"әкелетін "саналы инвестиция" деп атады.

Сондай-ақ, Байден америкалық армияның Ресей армиясымен соғысуын қаламайтынын атап өтті, ол Украинаға америкалық әскер жіберуді жоспарлап отырғанына сендірді. Оның айтуынша, егер Ресей НАТО одақтастарына шабуыл жасаса, АҚШ "НАТО-ның әрбір дюймін" қорғайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!