"АҚШ-Қазақстан" тікелей рейсі не себепті іске қосылмағаны белгілі болды

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Даниэль Розенблюм Қазақстанмен тікелей рейсті ашу барысындағы қиындықтар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Біз тікелей рейс ашқымыз келеді. Әрі бұл идеяны қолдаймыз. Өкінішке қарай, бұл өте күрделі процесс. Әуекомпаниялардың тиісті борттары болуға тиіс, ал Air Astana-да мұндай борттар жоқ. Олар сатып алу процесіне кірісті. Дегенмен бұл біршама уақытқа созылады", - деді ол Астанада өткен инвесторлар форумында.

Розенблум АҚШ авиация органдары көптеген тексеріс пен процедураны жүргізетінін айтты.

"Мәселен, АҚШ федералды авиация әкімшілігі. Аталған мәселе Үкіметте жиі қозғалады. Өкінішке қарай, биыл іске асырылмайды. Шамамен 2025 жылы болуы мүмкін", - деп топшылады елші.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!