АҚШ әуежайларында пандемия кезінде жолаушылар көбейіп, рекорд тіркелді. Бұл туралы Reuters басылымы елдің Көлік қауіпсіздігі басқармасының мәліметтеріне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы.
Басылым мәліметінше, өткен жұмада, 12 наурызда, 1,357 миллион адам америкалық әуежайларда тексеруден өткен. Бұл - 2020 жылдың 15 наурызынан кейін тіркелген рекорд көрсеткіш. Мұндай статистика коронавирус пандемиясына дейінгі деңгейден 38 пайыз төмендегенін білдіреді.
Былтыр вирустың әлемде таралуына байланысты АҚШ-та әуе рейстеріне деген сұраныс 60 пайыз төмендеген. Бірақ соңғы апталарда жаппай вакцинация кезінде жолаушылар саны өсе бастаған.